Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне бәйге аттарын сата бастайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жылқы экспорттауға дайындық жүріп жатқанын хабарлады. Бұған қоса, әлемнің ондаған еліне ет, сүт және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін сату ұлғайып келеді.
«Біріккен Араб Әмірліктерінде бәйге аттарын экспорттауға дайындық жүріп жатыр. Ал Ұлыбританияға ұрық куәлігі жолданды», – делінген министрлік таратқан мәліметте.
Сонымен бірге, Қазақстан түрлі елдерге қымыз бен қымыран (Жапония), балмұздақ (Оңтүстік Корея), сүт және ет өнімдерін (Малайзия) экспорттауды көздеп отыр. Бұған қоса, Бруней, Вьетнам, Таиланд, Сингапур және Катармен байланыс бар.
Қазір Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері 15-тен астам елге шығарылады. Олардың арасында...