Енді банктен несие алу уақыты созыла түседі. Несиеге рұқсат берген күннің өзінде оны тек 24 сағаттан кейін ғана аударады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осындай заң жобасын жариялады. Бұл құжат қазақстандықтарды алаяқтар сырттай рәсімдеп жіберетін несиелерден қорғау үшін жасалған.
Егер азамат интернет арқылы 150 АЕК-тен жоғары сомаға (2025 жылғы есеппен 589 мың) тұтынушылық несие алса, банк «күту кезеңін» енгізуге міндетті. Оған сәйкес, банк ақшаны келісімге қол қойған сәтте емес, тек 24 сағаттан кейін ғана аударады. Ол үшін клиент egov арқылы қол қоюы керек.
Микроқаржы ұйымдарына да осындай талап қойылады. Егер қарыз алушы бір күн ішінде бірнеше микроқаржылы...