Чехиядан Қазақстанға жеткізілуі тиіс төрт керқұланның бірі әуежайға бара жатқан жолда қашып шығып, Прагадағы жол қозғалысы бір сағатқа жабылды. Бұл туралы Prague Morning хабарлайды.
Басылым мәліметінше, оқиға дүйсенбі күні астанадағы «Қара көпір» сауда орталығы маңында болған. Жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен керқұлан Прага қаласында айналма жолдағы қозғалысты бір сағатқа тежеген.
Қала билігіне Виски атты керқұланды ұстау үшін көп тер төгуге тура келген. Тіпті жабайы жылқыға қан қысымын қалпына келтіретін дәрі беруге мәжбүр болған.
«Біз керқұландарды Кбели әуежайына апара жатқан уақытта, Виски темір тордан босап шығып, көліктен секіріп кетті. Оны жолда қуып ұстауға тура келд...