Президент табысқа жеткен әрбір кәсіпкерді өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Тағы да қайталап айтқым келеді: ауыл шаруашылығы дамыса, ең алдымен, ауылдың жағдайы жақсарады. Мемлекет ауыл-аймақтарды көркейту үшін көптеген жобаларды қолға алды. Инфрақұрылым салудан бастап, ауылға білікті маман тарту мәселесіне дейін ауқымды жұмыс жүргізілуде», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, 2019 жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында ауыл инфрақұрылымын дамытуға 700 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүкіл ел бойынша 2,5 мыңнан аса елдімекенде нақты жұмыс атқарылды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 600-ден...