Asar-Ume қайырымдылық қоры Палестинадағы соғыстан зардап шеккен халыққа көмек ретінде жиналған қаржыны жолдаудың жолын білмегендіктен, Перизат Қайраттың қорына аударған. Бұл туралы қор президенті Асхат Нұрмашев TalkLike YouTube жобасына берген сұхбатта мәлім етті.
Серіктес
Асхат Нұрмашевтың сөзінше, қор құрылтайшылары мен қызметкерлері Палестинаға көмек қолын созғысы келетіндердің көптігін көріп жиналып, мәселені талқылаған. Оның барысында бұрын шетелге, соғыс болып жатқан жерге көмек жіберу тәжірибесі болмағандықтан, қаражатты діттеген жерге жеткізуге көмектесетін серіктес табу туралы шешім қабылданған. Ол серіктес – Перизат Қайрат болған. Өйткені ол Араб Әмірліктеріндегі билеуші отбасымен байланыста екенін айтып, көмекті жеткізуге жердемдесетін арналары барына сендірген.
Нұрмашевтың сөзінше, Перизат Қайрат қорын...