Әлемнің ең бай адамы Илон Маск есірткі тұтынады деген мәліметті жоққа шығарды. Мұның алдында New York Times миллиардер кетамин және басқа да есірткі заттарын қолданады деп жазған.
«Мен рецептімен берілген кетаминді бірнеше жыл бұрын қолданғанмын. Бұл туралы X желісінде жаздым. Сол себепті оның жаңалығы да жоқ. Ол терең күйзелістен шығуға көмектеседі, бірақ мен оны содан бері қайта пайдаланбадым», – деп жазды Маск X әлеуметтік желісіне.
АҚШ президенті Дональд Трамптың жақын кеңесшісі болып істеген миллиардер өткен жұмада Ақ Үйдегі қызметтен кеткен. Bloomberg мәліметінше, Tesla мен SpaceX қожайыны қызметтен кеткенімен, кеңесші болып қалғысы келеді.