Қазақстан – тек Орталық Азиядағы ең ірі ел ғана емес. Бұл сайын дала мен асқар таулардың, тұнық көлдер мен үнсіз шөлдердің үйлескен мекені. Мұнда табиғаттың күшін, тарихтың тереңдігін және тыныштықтың мәнін сезінуге болады. Kursiv.media тілшісі Қазақстанды шын жүректен танығысы келетін әр адам баруы тиіс он ерекше мекенді шолып шықты.
Гранд-Каньоннан еш кем емес Шарын шатқалы (Алматы облысы)
Жел мен уақыт мүсіндеген қызыл тастардан құралған алып шатқал. Әсіресе «Қамалдар аңғары» ерекше әсер қалдырады. Мұнда тастар ертегі сарайларына ұқсап кетеді. Күн батқанда шатқал ерекше әдемі түске боялады.
Шарын шатқалы шамамен 12 млн жыл бұрын ежелгі үстірттің эрозияға ұшырауы нәтижесінде пайда болған. Оны...