Әлемдегі ең танымал әрі табысты футбол клубтарының бірі — «Реал Мадрид» француздың атақты Louis Vuitton сән үйімен көпжылдық серіктестік келісімшартқа отырды.
13 маусым күні Мадридте Louis Vuitton сән үйінің ерлер киімі жөніндегі креативті директоры, әйгілі музыкант әрі дизайнер Фаррелл Уильямс әзірлеген Formal Wear коллекциясы таныстырылды. Жаңа сән үлгілеріне костюмдер, пальто, жейделер, аяқ киімдер, аксессуарлар мен шабадандар енген. Әр бір зат ерекше шеберлікпен, егжей-тегжейге мұқият мән бере отырып тігілген. Коллекцияда «Реал Мадридтің» айрықша монограммасы мен Louis Vuitton-ның танымал элементтері — табиғи былғары, алтын түсті-ақ реңктер және қымбат маталар үйлесім тапқан.
Sports Business Journal мәліметінше, Louis Vuitton спортшыларға алаңнан тыс...