Астанадағы «BIG Шанхай» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің несиесі жарты жылға шегеріледі.
Ведомствоаралық отырысқа қатысқан «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен екінші деңгейлі банктердің, атап айтқанда Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит, ForteBank, Freedom Bank өкілдері зардап шеккен клиенттерге несиелік төлемдерді кемінде 6 айға шегере тұруға дайын екендіктерін жеткізді. Әрбір өтініш жеке тәртіппен, нақты жағдайларға сүйене отырып қаралатын болады.
Сонымен қатар, егер отбасының жалғыз табыс көзі осы бизнес болса, кәсіпкерлердің жұбайларына да жеке шегерім беру мәселесі қарастырылады.
Алдын ала деректер бойынша өрт салдарынан 260-тан астам кәсіпкер зардап шеккен. Келтірілген шығын...