Депутат Ермұрат Бапи елде Ресейдің әскери-тарихи қоғамының өкілідігі ашылғанын орай, елде Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды. Бұл туралы депутат өзінің Олжас Бектенов пен Руслан Жақсылықовқа жолдаған сауалында айтты.
Депутат мысал ретінде шетел тәжірибесіне келтірген. Франция мен Лонданда, Өзбекстан мен Әзірбайжанда, көрші Ресейде қару-жараққа арнаған мұражайы мен тіпті кейбірінді қару-жарақ палатасы бар екенін атап өткен.
«Ал біздің тәуелсіз Қазақстанымызда мұндай ұлттық нақыштағы қару-жарақ музейі атымен жоқ. Біз Ұлы Даланы бірнеше ғасырлық жаугершіліктен сақтап қалған, ғұндар мен сақтардан бергі түркі халықтары шоғырланған континеттің ортасын мекендеген Қазақ ұлтымыз. Ендеше, бізде Ұлттық қару-жарақ музейі неге жоқ?» – дейді депутат...