Елде жаңа көлік саудасы қызып тұр. Бұған Қазақстан автокөлік одағының ай сайынғы ақпараты айғақ.
Ресми дилерлермен қатар, сұр дилерлер де Қытайдан түрлі модельдерді тасып, нарықтан өз үлесін алуда. Солардың қатарында елде ресми сатылмайтын Toyota Corolla Cross моделінің көбейгені аңғарылады.
Kolesa.kz сайтында бүгінгі күні аталған модельді сату бойынша 27 хабарландыру жарияланған. Көбі көлікті әкеліп, рәсімдеу процестерінен өткізіп, қолға кілтті беруге дайын. Қазақ нөмір алған Corolla Cross құны 11 млн теңгеден басталып, жиынтығы мен сатушының тәбетіне қарай 14 млн теңге дейін саудаланып жатыр. Арасында тапсырыс арқылы істейтіндер де бар.
Сенімділігінің арқасында аталған жапон бренді көптің көңілінің төрінен орын тапқалы қашан. Ал...