Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр‑Риядта өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің жартылай финалында америкалық Джессика Пегуланы жеңді.
Кездесуде отандасымыз тамаша камбэк жасап, қорытынды есеп 4:6, 6:4, 6:3 болды. Ойын 2 сағат 5 минутқа созылды.
Ойын қорытындысынан кейін, Рыбакина журналистер алдына шығып сұхбат берді.
«Мен әр ұтыс ойынына мән беруге тырыстым. Сондай-ақ агрессивті ойнадым, бұл маған жеңіске жетуге мүмкіндік берді деп ойлаймын», – деді теннисші.
WTA қорытынды турнирі Эр-Рияд-та (Сауд Арабиясы) өтеді. Жүлде қоры – 15,5 миллион доллар.
Айта кетейік, осыған дейін отандық теннисшінің 25 қазанда денсаулығына байланысты Токиодағы турнирді жалғастырудан бас тартқанын...