Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы ақпаратты жариялады. Елдегі халық саны 20 млн 445 мың адамнан асты.
Бюро ұсынған мәліметке сенсек, жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде көші-қон есебінен – 10 200 адам келсе, табиғи өсім – 151 632 адамды құрап отыр.
Қала мен ауыл халқының үлесі
Қала халқы 12,75 миллионға жеткен. Ал ауыл халқы болса, әдеттегідей азайып келеді, бүгінде елдемекендерде 7,470 млн адам тұрады.
Әйелдер үлесі басым
Ал елдегі ер адамдардың үлесі 9 млн 993 мыңнан асса, әйелдердің үлесі 10 млн 452 мың 452 -ні құрайды.
Қазіргі таңда жеті өңірде...