«Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы Теңіз кен орнындағы наразылыққа қатысты ресми түсініктеме берді. KursivMedia сайтына берген жауабында компания баспасөз қызметі бұл мәселеге тікелей мердігер компания жауапты деп мәлімдеді.
Мәлімдемеде компания «Кәсіби таңдау» ЖШС қызметкерлері көтеріп отырған мәселеден хабардар екенін айтты. Аталған компания ТШО-ның мердігері – COC Realty-дің мердігері.
«ТШО-ның мердігер ұйымдары – тәуелсіз заңды тұлғалар. Сондықтан осы мәселеге байланысты барлық сұрақтарды «Кәсіби таңдау» компаниясына жолдаған жөн. ТШО өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді», – делінген ресми хабарламада.
21 сәуір күні «Кәсіби таңдау» компаниясының жұмысшылары Теңіз кен орнында ереуілге шыққан болатын. Олар жалақыларын...