Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі егде жастағы азаматтарға кеңес беріп, қалай алаяқтың құрбанына айналмауға болатынын түсіндірді.
Егде жастағылар сенгіштігіне, цифрлық сауаттылықтың жеткіліксіздігіне байланысты алаяқтық мәселесінде ең осал топ болып отыр.
Алаяқтар әр түрлі схемаларды қолданады. Оның ішінде банктердің, құқық қорғау органдары немесе туыстары атынан қоңырау шалу, қарыз ресімдеу немесе «тиімді» инвестицияларға ақша құю туралы ұсыныстарды айтып хабарласады.
«Алаяқтар ұялы телефонға немесе қалалық телефонға, сондай-ақ мессенджерде қоңырау шалып, өздерін банк немесе полиция қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуға, қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаны орнатуға немесе SMS-кодты айтуға сендіруі мүмкін», – делінген ақпаратта.
Алайда егде жастағы...