Нью-Йоркте өткен сайлаудан кейін америкалық телеарналар қаланың жаңа мэрі ретінде демократ Зохран Мамданиді атауда. АҚШ телекомпанияларының болжамына сәйкес, 34 жастағы саясаткер 50,3% дауыс жинап, жеңіске жетеді.
Егер бұл нәтиже расталса, Мамдани соңғы бір ғасырдан астам уақыттағы ең жас мэр болмақ. Сондай-ақ ол Нью-Йорк тарихындағы алғашқы мұсылман және Африка құрлығында (Угандада) туған алғашқы саясаткер, қала басшысы атанғалы отыр.
Бұл жолғы мэр сайлауы 1969 жылдан бергі ең ауқымды болды. Дауыс беруге шамамен 2 миллионнан астам сайлаушы қатысқан.
Мэр лауазымына демократ Зохран Мамдани, тәуелсіз үміткер әрі Нью-Йорк штатының бұрынғы губернаторы Эндрю Куомо және республикашыл Кертис Слива таласқа түсті.
Куомо сайлау...