Алматыда 2019 жылдың желтоқсанында болған Bek Air ұшағы апатына қатысты сот үкімі шықты.
Марқұм екі ұшқыш Марат Мұратбаев пен Миржан Молдақұлов 12 адам қайтыс болған апатқа кінәлі деп танылды.
Оларға қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып тағылған. Бұл бапта әуе көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдай көрсетілген.
«Марат Мұратбаев пен Миржан Молдақұлов Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын», – делінген сот үкімінде.
Екі ұшқыш қайтыс болған, соған байланысты жаза тағайындалмайтын болды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 178-бабының 10-бөлігіне сәйкес...