Мамыр айында кенелердің белсенділігі шырқау шегіне жетіп, шағу жағдайлары еселеп артады. Олардың тіршілігі күн жылынған сәуір айынан, қазанға дейін жалғасады.
Кене мекені
Кенелер Түркістан, Алматы мен Шығыс Қазақстан облысындағы таулы, шалғынды, орманды, ылғалды жерлерді мекендейді. Саябақтар мен бау-бақшада да болуы мүмкін. Далада жүретін ит-мысықтарда, тіпті ешкінің, қойдың, сиырдың шикі сүтінде вирус түрінде болуы мүмкін.
Кене тудыратын аурулар
Жәндіктің бұл түрі кене боррелиозы мен энцефалиті сиякты жұқпалы аурларды тасымалдайды.
Кене боррелиозы
Кене шаққанда пайда болатын инфекциялық ауру. Кене сілекейіндегі боррелии теріге еніп, бірнеше сағат ішінде көбейеді де терінің басқа аймақтарына және ішкі ағзаларға (жүрек, ми...