Қазақстандық спортшы Аяна Жолдас 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында Қытайдың Харбин қаласында өткен фристайл-акробатика жарысында қола медаль жеңіп алды.
Финалда отандасымыз 76,54 балл жинап, үшінші орынға тұрақтады. Жеңісті қытайлық Цю Мэнтао 90,94 ұпаймен жеңіп алды. Екінші орынды тағы бір қытайлық спортшы Чэнь Сюжень (81,58 балл) иеленді. Қазақстан намысын қорғаған тағы бір спортшы Ардана Маханова шешуші кезеңге өте алмай қалды.
Қазақстан құрамасының өкілі Аяна Жолдас жарыстан кейін өз өнерін бағалады. Спортшының айтуынша, ол бір жыл бұрын екі мәрте ота жасатып, секіруді тек биылғы қаңтар айында бастаған.
«Бапкерімнің тапсырмасын толықтай орындауға тырыстым. Жылдамдық бәрі жақсы болды. Бапкерімде...