Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзіне оқ атқан Ернар Жиембайдың соттағы жауабына қатысты пікір білдірді.
2025 жылдың 6 тамызындағы сот отырысында Жиембай бұл жағдайға жұмыстың қатысы жоқ екенін, қызғаныштан болғанын айтты.
Сондай-ақ Берденовті өлтіру ойы болмағанын жеткізді. Айтуынша, жәбірленуші тарап «Берденовті өлтіруге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аппарат басшысы арқылы тапсырыс берді, мені киллер етіп жалдады» деп айтуды ұсынған. Мұндай жағдайда Берденов кешірім беретінін жеткізген.
Әкім орынбасары бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр. Ол оңалту кезеңінен өтіп жатқанына байланысты сотқа қатыса алмайтынын жазған.
«Сотта Жиембай тарапынан айтылып жатқан мәлімдемелерге үнсіз қалу мүмкін емес. Бұл...