2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Orbis Auto тобының премиум санатындағы автокөліктерінің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52%-ға артып, 760 бірлікті құрады. Компанияның мәліметінше, бұл көрсеткіш Қазақстандағы жаңа премиум көліктер нарығының 29%-ын қамтамасыз етті.
Сатылым өсімін негізінен Audi, Porsche, Cadillac, Infiniti және Lexus маркалары қамтамасыз етті. Мәселен, Audi сатылымы екі есеге жуық өсіп, 212 көлікке жеткен. Porsche алғашқы жартыжылдықты 205 сатылған көлікпен (+42%) аяқтады. Infiniti — 137, Cadillac — 136, Lexus — 73 көлік сатты.
Премиум сегментінде ең көп сұранысқа ие кроссоверлер
Porsche ішінде Cayenne (109 дана), Audi ішінде Q5 (110) алда. Cadillac сатылымының 87%-ы Escalade үлесіне тиіп отыр...