Қазақстанның бірнеше өңірінде аса қауіпті қар көшкіні жүруі мүмкін. Әсіресе, ақпан-сәуір айларында күшейеді деген болжам бар. Осылай деп хабарлаған Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа шұғыл ескерту жасады.
Қазіргі уақытта республика аумағында 619 учаскеде көшкін қаупі бар. Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлері аса қауіпті аудандар болып отыр. ТЖМ көшкіннің күшейетінін және ең қауіпті кезеңдері қыстың басы мен көктемнің басы екенін хабарлайды.
«Бүгінгі таңда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердегі қар көшкіні ортаңғы таулы аймақтарда орташа қар көшкіні қаупі бар, ал биік тауларда қар көшкіні қаупі жоғары...