ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев министрлік Кенесары ханның соғыс жүргізу тактикасын зерттеумен айналысып жатқанын мәлімдеді.
Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген вице-министр Кенесары хан қазақ армиясының символына айнала ма, жоқ па – оны уақыт көрсететінін атап өтті.
«Кенесары ханның өмірі мен әскери тактикасымен таныспын. Бүгінде оның соғыс тәсілдерін зерделеп жатырмыз. Бірақ әр сарапшының өз пікірі бар. Кенесары қазақ армиясының символына айнала ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді. Сонымен қатар, біз Сағадат Нұрмахамбетов пен Бауыржан Момышұлының әскери стратегиясын да зерттеп жүрміз», – деді Жазықбаев.