Қазақстандағы көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын азаматтар үшін ортақ ережелер мен тыйымдар бар. Бұл ережелер көршілер арасындағы сыйластықты сақтауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. KursivMedia негізгі тыйымдар мен оларды бұзған жағдайда қолданылатын айыппұлдар туралы жазды:
Қоқысты кіреберіске шығару
Пәтер есігінің алдына немесе кіреберіске қоқыс пакеттерін қоюға тыйым салынады. Бұл әрекет «Қоғамдық орындарды ластау» бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Айыппұл мөлшері 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, яғни 39 320 теңгеден 78 640 теңгеге дейін болуы мүмкін.
Темекі қалдықтарын лақтыру және кіреберісте темекі шегу
Темекі қалдықтарын терезеден немесе балконнан лақтыру, сондай-ақ кіреберісте темекі шегу...