Елде бюджет тапшылығы орын алып жатқанда , Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери шеруге 2,5 млрд теңге қаржы бөлу тым көп емес пе? Бұл сұраққа Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов жауап берді.
Вице-министр Жеңіс шеруіне Қорғаныс министрлігі тікелей жауап беретінін, оған жұмсалатын қаржы мәселесі де сол ведомствадан сұралу керек екенін айтты. Десе де Арман Қасенов мұндай ірі шаралар туралы әңгіме болғанда, оған қанша қаржы жұмсалатынынан гөрі, оның маңыздылығына мән берген жөн деп санайды. Өйткені форумдар, шерулер және басқа да іс-шаралар елдің беделін арттырып, имиджін күшейтуге, сондай-ақ инвестиция тартуға көп көмегін тигізетінін тілге тиек етті.
«Мысалы, 1, 2 немесе 3 миллиард теңге көлеміндег...