Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Бараат түнінің артықшылықтарын жазып шықты. ҚМДБ мәліметінше, Шағбан айының 14-інен 15-іне қараған түн, Бараат түні. 2025 жылы бұл түн ақпан айының 13-інен 14-іне қараған түнге сәйкес келеді.
Араб тілінен аударғанда «Бараат» – кешірім, тағдыр, тозақтан құтылу түні деген мағынаны білдіреді. Бұл түні әр адамның бір жылдық тағдыры жазылып, ризық-несібесі, өмір сүру ұзақтығы, дүниеге келетін және өмірден өтетін адамдардың есімі анықталады. Сондай-ақ, Алланың мейірімі түсіп, көп адамның күнәсі кешіріледі.
ҚМДБ мәліметінше, бұл түнді құлшылықпен өткізу – мұстахаб (ұсынылған амал).
«Ілгерідегі ғалымдар бұл түнді құлшылықпен өткізуді мұстахаб деген. Сондықтан бұл түнді Құран оқу, Пайғамбарымызға (оған Алланы...