Қостанай облысында алкогольге тәуелділікті азайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Мәдени қоғам» жобасы аясында 17 ауыл алкогольден толық бас тартты. Бұл туралы Рolisia.kz порталы хабарлады.
Қоғамдық қолдау негізінде іске асып жатқан жоба аясында қалалар мен ауылдарда құрметті ақсақалдар, дін өкілдері, белсенді азаматтардан құралған қоғамдық комиссиялар құрылған. Олар алкогольге тәуелді адамдарға көмектесіп, рухани қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ «Мәдени қоғам» аясында ішімдік сататын орындарға рейдтер ұйымдастырылған. Рейдке полиция, еріктілер мен БАҚ өкілдері қатысады.
«Түнгі уақытта немесе кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сату бойынша биыл жыл басынан бері 217 заң бұзушылық анықталған. Облыстық ПД бастығының орынбасары Аманжол...