2024 жылы елімізге Қытайдан келген туристер саны 655 мың адамға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға артты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді.
Қазақстан туризм жылының нәтижелері
Қытаймен туризм саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында 2024 жылы көптеген шаралар жүзеге асырылды. Өңірлер, туристік компаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, 1,3 миллиард аудиториясы бар қытайлық медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы кең көлемде ақпарат таратылды.
Бұл еліміздің Қытай нарығындағы туристік тартымдылығын арттырып, шетелдік қонақтарды қызықтыруға ықпал етті. Осыған байланысты, 2025 жыл ресми түрде Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы...