Қазақстанда енді адамды аңдып, қорқытатындар қылмыстық жазаға тартылады. Қылмыстық кодекске сталкинг ұғымы енгізілуі мүмкін.
Қорқыту, аңду сынды әрекет жасаған сталкерлерге айыппұл салынады, алайда қамауға алынбайды. Мұндай норма қылмыстық-атқару және қылмыстық іс жүргізу кодекстерін оңтайландыру жөніндегі заң жобасына енгізіліп, жұмыс тобы мақұлдады. Келесі аптада құжат палатаның қарауына берілді.
Сталкинг ауыр қылмысқа жата ма?
Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, сталкинг бірден ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар қатарына қосылмайтынын айтады.
«Мақсатымыз – азаматтарды бұл норма бойынша бірден соттап, түрмеге тоғыту емес. Бұл ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында енгізіліп отырған норма. Бұл...