Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы жарияланды. 31 шілде сағат 15.30-дағы мәлімет бойынша, 1 АҚШ доллары 540,78 теңге тұрады. Ұлттық валюта ҰБ интервенция жүргізгелі бері шамамен 10 теңгеге нығайды.
KASE-дегі күндізгі валюта саудасы барысында 88 млрд теңге, яғни шамамен 163 млн долларға қаржы операциялары жүзеге асты. Бір тәулік бұрын 443,8 млн долларға сауда жасалғанын айта кетейік.
Бір тәулікте төл валюта бірден 5,42 теңгеге нығайды. Ал Ұлттық банк (ҰБ) ақша саудасына араласып, интервенция жүргізген сәттен бері жергілікті валюта шамамен 10 теңгеге нығайды. Себебі бір күн бұрын теңгенің долларға шаққандағы бағамы 550 теңгеден жоғары көтеріліп кеткен еді...