Түркістан облысының полиция департаменті алты адамның қаза болуына әкелген жол апаты туралы хабарлады.
Мән-жайы
Оқиға бүгін, 3 ақпанда Кентау-Түркістан тас жолының 5 шақырымында болған. «Ауди» маркалы екі бірдей көлік соқтығысып, салдарынан өрт шыққан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып екіншісімен соқтығысқан. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды.
Тергеу
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады.
Полиция ескертуі
Түркістан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға...