Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамын жақсартты. Шілде айындағы шолуға сәйкес, 2025 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі 5 пайызға өседі деген болжам жасалған. Бұл бұған дейінгі 4,9 пайыздық болжамнан жоғары көрсеткіш.
Ал 2026 жылға арналған болжам өзгеріссіз 4,3 пайыз деңгейінде қалған.
Қор сондай-ақ АҚШ, Қытай, Еуропалық одақ елдері және жаһандық экономика бойынша да өсім болжамдарын қайта қарап, жоғары бағытта жаңартты.
Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2025 жылы мұнайдың бір баррелі орта есеппен 68,18 долларды құрайды. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 64,33 долларға дейін төмендеуі ықтимал.
Салыстыру үшін айтсақ, сәуір айында 2025 жылға арналған болжам сәйкесінше...