2025 жылғы 1 тамызда Forbes Kazakhstan елдегі ең бай алты миллиардердің дәулетін қайта есептеп шықты. Себебі кейінгі бірнеше айда қаржы саласында үлкен өзгерістер болып, басылымның мамырдағы тізімі ескіріп қалған.
Жергілікті Forbes-тің жаңартылған шағын рейтинг жариялауына «жаңа келісімдер мен биржадағы жетістіктер» себеп болды. Басылым соның нәтижесінде биыл Қазақстандағы миллиардерлер тізімі өзгерді деп есептейді.
Вячеслав Ким империясы
1 тамызда таңертең жарияланған қысқа рейтингке бар болғаны алты миллиардер кірді. Forbes Kazakhstan бірінші орынға Вячеслав Кимді қойды. Басылым 56 жастағы кәсіпкердің дәулетін 7,73 млрд долларға (2025 жылғы мамыр — $7,1 млрд) бағалады. Оның капиталының басым бөлігі – Kaspi.kz-тегі үлес.
Жергілікті Forbes Ким дәулетін...