2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ақылы жолдардан шамамен 31,9 млрд теңге түсті.
Қазақстанда 17 ақылы учаске бар. Оның жалпы ұзындығы 3221 шақырымды құрады. Қомақты қаржы ақылы учаскелерді күтіп-ұстауға, оның ағымдағы жөндеу жұмыстарына және төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалануға жұмсамақ.
Жиналған қаражат бірнеше негізгі бағыттар бойынша бөлінеді. Ол жолдарды тиімді пайдалануға әрі оны қажетті жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шығындардың негізгі бағыттары:
Учаскелерді күтіп-ұстау; Төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалану; Төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстау қызметі; Әкімшілік-басқару.«Қазақстанның ақылы жолдары дамып жатыр. Оларды пайдаланудан түскен қаражат қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуде және...