Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан «Ақбикеш» (немесе «Ақсүмбе») тарихи мұнарасы құлады. Бұл туралы әлеуметтік желіде Жазушылар одағының мүшесі Төреғали Тәшенов жазды.
Мұнара «Ақсүмбе» ауылының маңында Қаратаудың етегінде орналасқан. Оны шамамен XII-XIII ғасырда Дешті-Қыпшақ тайпасы тұрғызған.
Ақынның жазуынша, мұнара Әмір Темір кезінде қарауыл мұнарасы ретінде пайдаланылған деген деректер бар.
Жылбек Керімбек есімді ұстаздың жазуынша, мұнараға Қазқайтажаңғыру мекемесі реставрация жүргізіп, ол тарихи ескерткіштер қатарында, мемлекет меншігінде болған.
«Қолда бар тарихи ескерткіштен айырылдық. 12-13 ғасырларда тұрғызылған «Ақбикеш» мұнарасы құлады. Дабыл қақтық, ешкім құлақ аспады. Жауын-шашын тимеу үшін төбесін жабу керек дедік. Олай істемеді, төбеден жауған жаңбыр, қар суы...