Дүниежүзілік Банк Қазақстан экономикасының болашағына қатысты болжамын жариялады. Халықаралық ұйым мамандарының жазуынша, мұнай өндірісін көбейту және фискалды саясатының нәтижесінде 2025 жылы ел экономикасы 4,5%-5%-ға өседі.
Ал 2025 жылы инфляция 7,5-8%-ға, 2026 жылы 6%-ға дейін төмендейді деп болжайды. Дегенмен валюта құбылмалығының нәтижесінде инфляциялық қысым әлі де сақталады дейді мамандар.
«Қазақстанның фискалдық саясаты 2025-2026 жылдардағы жоғары бюджет тапшылығымен ынталандырушы болып қала береді.Мемлекеттік қарыз басқарылатын деңгейде қалғанымен, фискалдық тапшылықтарды жабу үшін ішкі қарыз алуға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат алуға тәуелділіктің артуы қордың ұзақ мерзімді тұрақтылығына қатысты алаңдаушылық тудырады. Бұл есепте біз фискалдық тәртіптің маңыздылығын және осы...