Сириядағы саяси жағдай түбегейлі өзгерді – Ахмед әл-Шараа елдің уақытша президенті болып жарияланды. Ол «Әбу Мұхаммед әл-Джулани» деген атпен танымал ұйым қатарында болған. Қазір ұйым «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) деп аталады. Ахмед әл-Шараа ұйымының жетекшісі ретінде Асад режимін құлатуға қатысқан.. Сирияның мемлекеттік БАҚ-тары хабарлағандай, жаңа билік елде конституциялық реформалар жүргізуді және уақытша заң шығарушы кеңес құруды жоспарлап отыр.
Саяси өзгерістер және қауіпсіздік құрылымдарының тарауы
Дамаскідегі арнайы жиында көтерілісшілер коалициясының басшыларының қатысуымен Aхмед әл-Шараа билікке келгені жарияланды. Сондай-ақ бұрынғы билік кезіндегі әскери құрылымдар мен арнайы қызметтердің таратылатыны хабарланды. Оның орнына елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа орган құру жоспарланғанымен...