25 шілдеде Алматы облысында Toyota Alphard көлігі мен трактор соғысып, алты адам қаза тапты. Бір күн бұрын, 24 шілдеде Жамбыл облысында Toyota Alphard пен экскаватор қақтығысып, жол апатынан төрт адам мерт болды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлайды.
Ұлттық компания Қазақстан аумағында болған екі ірі жол апаты туралы мәлімет таратты. Екеуіне Toyota Alphard көлігінің қатысы бар. Соның салдарынан он адам адам қаза тапқан.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 25 шілдеде сағат 10:15-те Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы Самсы ауылының маңында Toyota Alphard көлігі мен трактор соғысып қалды. Осы уақытта жол жөнделіп жатқан. Жол белгілері орнатылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard жүргізушісі жоғары жылдамдықпен...