2030 жылдан бастап Еуроодақ аумағында автокөлік жалдау компанияларына бензин мен дизельмен жүретін көліктерді сатып алуға тыйым салынуы мүмкін. Еурокомиссия осыған қатысты заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл Еуропада көлік секторын электрлендірудің шешуші кезеңіне айналуы ықтимал.
Іштен жанатын қозғалтқыштарға тағы бір соққы
Немістің Bild басылымының хабарлауынша, Еурокомиссия (ЕК) 2030 жылдан бастап ЕО елдеріндегі автокөлік жалдау компанияларына іштен жанатын қозғалтқышы бар автокөліктерді сатып алуға тыйым салатын жаңа ережені әзірлеуде. Комиссия өкілдері бұл заң жобасының дайындалып жатқанын растады, бірақ нақты егжей-тегжейін әлі жария еткен жоқ.
Құжат 2025 жылдың жаз соңына дейін ұсынылады деп күтілуде. Одан кейін жоба Еуропарламент талқысына жолданады. Егер ол қабылданса...