Өткен аптада Қазақстан кинотеатрларында бірнеше жаңа фильм көрермендерге жол тартты. Ticketon мәліметінше, 23 қаңтар күні прокатқа шыққан Рамазан Амантайдың «Мәди in China» фильмі көш бастап тұр.
1. «Мәди in China» — 198 351 647 теңге
Рамазан Амантайдың комедия жанрындағы фильмі соңғы аптада үлкен танымалдыққа ие болды. Оқиға желісі көрермендерді ерекше сюжетімен баурап, фильмнің кассалық табысы 198 миллион теңгеден асты.
Ұлттық университеттің шақыртуымен Қытайдан келген Мәди есімді қандас беделді ғылыми байқауға қатысуға ниеттенеді. Алайда жергілікті студенттер Мәдиге кедергі келтіреді.
Сонымен қатар Мәдиге әкесі жоғалған туысын табуды тапсырады. Іздеу барысында туысының бұрынғы қылмыскер екенін біледі. Мәди өзінің амбициясы мен...