Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы кезіндегі іске байланысты кінәлі деп табылып, 8 жылға сотталды.
Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты істі 2023 жылдың қыркүйегінен бері қарап келген. Экс-депутат Махатов қылмыстық тобына қатысы бар әрі Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікке қатысы болды деп айыпталған.
Қайрат Құдайбергеннен бөлек, сот 40 адамға үкім шығарды. Бұл іске қатысы бар деген күдіктілер қатарында «Дикий Арман» атымен белгілі Арман Жұмагелдиев және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің экс-бастығы Руслан Ысқақов бар.
Негізгі күдіктілерден бөлек қылмысқа қатысы бар өзге азаматтар амнистияға тап болған. Себебі олар 1-2 жылға сотталып, тергеу мен сот ісі қаралған уақытта бұл...