Электромобиль мен гибридтің көліктер нарығында BYD бренді ойып тұрып орын алды. «Сұр» қытай көліктерін жеткізуде басты хабтың бірі саналатын Қытайдың Қорғас авто нарығынан аталған брендтің көптеген моделін кездестіруге болады. Автоблогер Алмас Ботабеков 2025 жылғы шілдеде аталған көлік базарындағы бағаларды көрсетті.
Алмастың айтуынша, бүгінде мұнда негізінен 2025 жылғы BYD модельдері ұсынылған. Өткен жылғы көліктердің көбі сатылып кеткен, не сирек кездеседі. Оның сөзінше, мұндағы баға күн сайын өзгеріп отырады, сондықтан нақты бір бағаға сеніп қалуға болмайды. Бағаға валюта курсы, сұраныс деңгейі мен ұсыныс көлемі әсер етеді.
BYD Destroyer 05
BYD Destroyer 05 – гибридтік күш қондырғысы бар седан. Негізгі нұсқасы 9 мың доллардан (шамамен 4,8 млн теңге) басталады. Модельдің электр жүрісімен...