BBC Verify зерттеген спутник суреттері Ресей мен аннексияланған Қырымды бөліп тұрған Керіш бұғазында үлкен мұнай дақтары таралғанын көрсетті. Дақ 15 желтоқсанда апатқа ұшыраған екі мұнай танкерінен аққан мазут екені белгілі болды.
Бүгінде төгілген мазут массасы 5 мың тоннадан асып, Қара және Азов теңізінде 400 шаршы шақырымға таралған. Ресей ғылым академиясы ғылыми бөлімінің жетекшісі Виктор Данилов бұл апатты XXI ғасырдағы ең үлкен «экологиялық апат» деп атаған.
Даниловтың айтуынша, мұнай қаңтар айының соңына қарай Одессаға жетіп, Румыния, Болгария және Түркия жағалауларына дейін таралуы ықтимал.
Greenpeace экологиялық ұйымы M100 мазуты судың бетінде ұзақ уақыт тұрмайтынын, оның теңіз микроорганизмдері арқылы биологиялық ыдырауы ондаған...