АҚШ президенті Дональд Трамп елдің бұрынғы президенті Барак Обаманың түрмеге түскені туралы ЖИ көмегімен жасалған видео жариялады. Жалған видео Трамптың Truth Social әлеуметтік желісінде пайда болды.
Трамп жариялаған фейк видео америкалық саясаткерлердің «Ешкім заңнан биік емес» деген мәлімдемесінен басталады. Осылай деушілердің арасында Құрама Штаттардың бұрынғы президенті Джо Байден де бар.
Роликтің орта тұсында, Трамп пен Обама қатар отырған уақытта, Федералдық барлау қызметінің екі өкілі келіп, Обаманың қолына кісен салады. Содан кейін экс-президенттің түрмеде отырғаны көрсетілген. Соңғы кадрларда мұңға батқан Обама темір тордың арғы жағынан қарап тұр.
Роликте Village People тобының 1978 жылғы «YMCA» әні ойнап тұр. Онда «жас жігіт, көкірегіңд...