2024 жылы Қазақстанда педофилия бойынша 874 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Прокуратура мәліметінше, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға азайған (876-дан 874-ке).
Қылмыстардың жалпы саны азайды
2024 жылдың қорытындысы бойынша, елдегі жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 5%-ға төмендеген (140 272-ден 132 778-ге). Оның ішінде:
Адам өлтіру қылмыстары 4%-ға азайған (591-ден 566-ға), Денсаулыққа ауыр зиян келтіру 10%-ға төмендеген (1 806-дан 1 627-ге), Тонау 24%-ға азайған (2 030-дан 1 551-ге), Ұрлық 28%-ға қысқарған (42 639-дан 30 593-ке), Мал ұрлығы 31%-ға азайған (1 520-дан 1 051-ге), Жасөспірімдер арасындағы қылмыс 2%-ға төмендеген (1 925-тен...