Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысуын әлі тоқтата тұрады. Бұл туралы Армения сыртқы барлау қызметінің ашық баяндамасында жазылған.
«Біз 2025 жылы Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтату себептері өзгере қояды деп ойламаймыз. Бұл ұйымның беделі әлі де сұрақ тудырады. Сонымен бірге осы мәседе ұйымға мүше басқа мемлекеттер үшін де «ойға азық» болуы керек», – делінген құжатта.
Сонымен бірге армян барлаушылары Оңтүстік Кавказ және одан тыс елдердің әскери шығындары әлі де арта түсіп, қару-жараққа жұмсайтын қаражаты артады деп болжайды. Құжатта бұл елдердің әскери өнеркәсіпті дамытуды жалғастыра түсетіні жазылған.
Мұндай жағдай «Армения сияқты материалдық және...