Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшағының апатын тергеу бойынша алдын ала есепті жариялады.
Ведомство алдын ала нәтижелер Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO), сондай-ақ АҚШ, Франция және Таиландтың авиациялық органдарына ұсынылатынын хабарлады.
Алдын ала тергеу нәтижелері көрсеткендей, ұшақтың екі «қара жәшігі» де 2024 жылғы 29 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 08:58-де деректерді жазуды тоқтатқан. Осыдан 4 минут 7 секунд өткен соң, ұшақ қатты қону кезінде антеннамен жабдықталған навигациялық жүйенің бетон конструкциясына соғылған. Министрлік қара жәшіктердің толық талдауына бірнеше ай қажет болатынын атап өтті.
Ұшақтың қозғалтқыштарына құстар соғылған
Есепке сәйкес, ұшақ экипажы әуежай диспетчерлерімен...