Микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптар күшейеді: мерзімі өткен қарыздардың үлесі азаюы керек
Қазақстанда микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) төленбегенінен 3 айдан асқан қарыздың үлесін азайтуы тиіс. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған қаулыда жазылған.
Соған сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап микроқаржы ұйымдарының несие портфеліндегі 90 күннен аса кешіктірілген қарыздың үлесі 15%-дан аспауы керек. Ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл шек 10%-ға дейін төмендейді.
Егер ұйым осы шектен асып кетсе, бір жұмыс күнінің ішінде жағдайды түзету жоспарын жасап, Қаржы нарығын реттеу агенттігіне жолдауы тиіс. Бұл жоспарда қандай қарыз және қалай азайтылатыны нақты көрсетілуі керек. Агенттік жоспарды қарап...