Қырғызстанның ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Ташиевке аты-жөнін көрсетпей, өлтіремін деп хат жазған адам әскери ұшқыш болып шықты. Қырғызстанның президенті Садыр Жапаров бұл жайтқа байланысты арнайы тапсырма беріп, ҰҚМК, ІІМ және Бас прокуратура қызметкерлерінен тергеу-шұғыл топ құрған болатын.
Тергеу-іздестіру барысында «Ж.А.С.» атты азамат ұсталып отыр. Ол бұрын екі мәрте сотталған адам болып шықты. Өзі әскери ұшқыш. Шектеулі әскери контингент құрамында ауған шекарасында қызмет атқарған. Сол жерде жауынгерлік тәжірибе жинаған. 1994 жылдан бастап Қырғызстанның қарулы күштерінде қызмет еткен. Қоқан-лоқы авторы осы адам екені нақты айғақтармен анықталып отыр.
Қырғызстанның құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, «Ж.А.С» көздегенін іске асыруға ұзақ уақыт дайындалған көрінеді. Және қылмысыны...