АҚШ-тың Қаржы министрлігі 17 елдің 275 азаматы мен компанияларына қарсы санкция салды. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Швейцария, Қытай, Үндістан және т. б. елдер бар. Қазақстандық Kazstanex компаниясы да Ресейге жеткізілім жасағаны үшін санкциялар тізіміне енді.
АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге озық технологиялар мен жабдықтар жеткізумен айналысатын ұйымдарға қарсы санкция салды. Олардың қатарында қазақстандық Kazstanex компаниясы да бар. Ол бүкіл әлемдегі өндірушілерден станоктарды жеткізеді.
Egov.kz мәліметі бойынша компания 2014 жылы тіркелген. Оның негізін қалаушы және бірінші директоры – Василий Абрамов.
АҚШ Қаржыминінің мәліметінше, Kazstanex және Uzstanex (Өзбекстан) компаниялары Еуропадан станоктардың партияларының номиналды алушылары. Содан кейін олар Ресейге жеткізу үшін...